Алматыда «Полиция барысы - 2023» иегері анықталды

Алматыда «Полиция барысы - 2023» иегері анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда «Полиция барысы – 2023» чемпиондық белбеуінің иегері анықталды.

Алматы қаласы ПД-да қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл – 17 командадан тұратын 77 қатысушының басын қосқан ауқымды спорттық шара. Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өтті.

Турнир барысында мықтылар анықталды. Бірінші орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрама командасы иеленді. Екінші орын Түрксіб аудандық полиция басқармасының құрама командасына бұйырды. Ал үшінші жүлделі орынды Бостандық аудандық полиция басқармасының командасы иеленді.

“Полиция барысы – 2023” чемпиондық белбеуінің иегері Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ инспекторы Есдәулетов Райымбек болды.