Гамалея орталығы «дельта» және «омикрон» негізіндегі вакцина жасамақ

Гамалея орталығы «дельта» және «омикрон» негізіндегі вакцина жасамақ
Сурет: РБК

Ресейлік мамандар босаңсуға болмайтынын ескертті.

Гамалея орталығы бірнеше штамның негізінде вакцина жасау мүмкіндігі бар екендігін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Орталық басшысының орынбасары Денис Логунов вирустың бірнеше штамдары негізінде вакцина жасауға болады деп есептейді. Бұрын Гамалея орталығы «Sputnik V» препаратын «омикронға» бейімдеп өзгертсе, енді вакцина клиникалық сынақтан өтуі керек.

Орталық мамандары Гамалеялықтар Delta және Omicron сияқты бірнеше штамдарға негізделген коронавирустық вакцина жасау мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлады орталық басшысының орынбасары Денис Логунов «Россия 1» арнасында.

«Дельтаға» да, «омикронға» да тосқауыл болатын,  жаңа штамм шығып кету қаупі бар, «ухань» немесе «дельтаның» негізін жаба алатындай поливалентті «Спутникті» қалай жасау керектігі қарастырылып, талқыланып жатыр»- деді ол.

Логунов мұндай күрделі вакцинаны жасау мүмкін деп санайды.

«Халықты ковидке қарсы вакциналау идеясы - өмірді сақтау. Бұл өлімді азайтады», - деп атап өтті ғалым.

Логунов «босаңсуға әлі ерте» екенін атап өтті: "омикрон" штамының толқыны толық өткенше коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейе береді.

Ресейде өткен жылдың қараша айында індет жұқтырғандар саны азайған болатын, ал 7 қаңтардан бастап коронавирустық инфекциялардың күнделікті санының өсуі байқалды. Көрсеткіштің жоғарылауы басқа нұсқаларға қарағанда жұқпалы болып саналатын "омикрон" штамының таралуына байланысты. Штам Ресейге өткен жылдың желтоқсан айында келген, ал 12 қаңтарда вице-премьер Татьяна Голикова оны 698 адамның жұқтырғаны туралы хабарлады.

Желтоқсан айында Гамалея  орталығы Sputnik V-тің "омикрон" штамына қарсы модификациясын жасағанын хабарлады. Орталық басшысы Александр Гинцбург вакцина «омикроннан» да, «дельтадан» да қорғайтын екі компонентті болуы мүмкін екенін айтты. Егер жаңа штамм "дельтадан" толығымен өзгешеленсе, "дельта" штамының қорғанысын "омикрон" штамының қорғанысымен ауыстыру қажет, деп түсіндірді ол. Гинцбургтің айтуынша, бұлай жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік бар. Енді вакцина бірнеше клиникалық сынақтан өтуі керек. 14 қаңтарда Голикова "оmicron"-ның "delta"-ны ығыстырып шығаратынын айтты.

8 қаңтарда кипрлік ғалымдар тобы елде коронавирустың жаңа нұсқасы "deltacrone" анықталғанын хабарлады. Оның «дельтамен» бірдей генетикалық негізі бар, бірақ «омикронға» тән мутацияларға ұшыраған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұны алынған вирус үлгісінің ластануының нәтижесі деп болжады. Ұйымның төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керхове «дельтакрон» мен осыған ұқсас терминдерді қолданбауды ұсынды. Осыған ұқсас көзқарасты Роспотребнадзордың Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының жаңа диагностикалық әдістерді әзірлеу жөніндегі ғылыми тобының жетекшісі Камиль Хафизов та білдірді. Оның айтуынша, "дельтакронның" жаңа штамм екенін анықтау үшін уақыт қажет.