Олжас Сүлейменов ТМД-ның «Достастық жұлдыздары» сыйлығының лауреаты атанды

Олжас Сүлейменов ТМД-ның «Достастық жұлдыздары» сыйлығының лауреаты атанды
inform.kz

Сейсенбі күні Мәскеуде өткен рәсімде «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлықтары ТМД-ның тоғыз елінің лауреатына табысталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Достастық жұлдыздары» - ТМД-ның гуманитарлық саладағы жоғары жетістіктері үшін берілетін марапат. Оның иегерлерінің арасында ММХҚИ ректоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Анатолий Торкунов, Ресей-армян университетінің ректоры Армен Дарбинян (Армения), физик ғалымдардың авторлық ұжымы: Александр Тузиков, Сергей Золотой және Сергей Кореняко (Беларусь), Астрофизика институтының директоры Гүлчехра Кохирова (Тәжікстан), ұлттық ғылым академияларының президенттері Мұрат Жұматаев (Қырғызстан) және Ион Тигиняну (Молдавия) бар. Сондай-ақ, сыйлық иегерлерінің арасында Қазақстан жазушысы Олжас Сүлейменов, Әзірбайжанның опера әншісі Эльчин Әзизов және Өзбекстанның эстрада-симфониялық оркестрінің жетекшісі Мансұр Ташматов бар.

Шара аралас форматта өтті, рәсімге РФ Президентінің арнайы өкілі Швыдкой, Әзірбайжан Елшісі Бюльбюль оғлы және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының атқарушы директоры Анатолий Иксанов қатысты, ал лауреаттар бейнебайланысқа шыққан. Сыйлықтардың табысталу рәсіміне ТМД Жастар симфониялық оркестрі арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды.

Сыйлық лауреттарына арнайы диплом, құрмет белгісі мен куәлік табысталады. Сыйлықтың ақшалай баламасы 2 млн ресей рублін құрайды.