Қасым-Жомарт Тоқаев: Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингенті елден шығарылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингенті елден шығарылады
Inform.kz

ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Мұны бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанына тоқталған Президент еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін жеткізді. «Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды», - деді Мемлекет басшысы.