Нұржан Әлтаев қамалды

Нұржан Әлтаев қамалды
Сурет: El.kz

Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2 ай қамауда отырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Нұржан Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болды. 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Парламент мәжілісінің экс-депутаты Нұржан Әлтаев 7 маусымда пара алғаны үшін ұсталды.

Қамауға алынған Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен  пара ретінде ай сайын 5 000 доллар алып келген.