Не? Қайда? Қашан?

Не? Қайда? Қашан?

Алматы хореографиялық училищесінде хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы өтеді.

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде 2023 жылдың 4-10 сәуірі аралығында хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы өтеді. 
Байқау А. Селезнева атындағы АХУ-дың оқу театрында, ал финалдық турлары Almaty Theatre сахнасында көрермендердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқау әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында 2008 жылы құрылған. Содан бері байқаудың негізгі мақсаты хореографиялық оқу орындары арасында кеңінен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, хореографиялық өнер саласындағы жас дарындарды анықтау, орындаушылық шеберліктерін арттыру, классикалық, халықтық және заманауи билердің озық дәстүрлерін дамыту, сондай-ақ Қазақстан хореографиялық білімі мен өнерінің әлемдік аренадағы имиджін ілгерілету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Биыл байқауға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Оңтүстік Корея және т. б. елдерден қатысушылар келеді.
«Өрлеу» халықаралық байқауының VIII маусымы қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы, Қазақ КСР халық әртісі Сара Ыдырысқызы Көшербаеваның 90 жылдығына арналады.
Өтетін жері: гала-концерт Almaty Theatre-да 
Уақыты: 9 сәуірде, сағат 19:00-де.