Наурызбай ауданында 40 жаңа жоба іске асырылатын болады

Наурызбай ауданында 40 жаңа жоба іске асырылатын болады
almaty-akshamy.kz

Алматының Наурызбай  ауданындағы Қарғалы өзенінің  7,7 шақырым жағалауын абаттандыру жоспарланған

"Халық қатысатын бюджет": Алматы қаласының Наурызбай ауданында қандай жобалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды

Алматы қаласының Наурызбай ауданында ағымдағы жылдың сәуір айында қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, балалар спорт алаңдарын салу, көгалдандыру және сыртқы жарықтандыру желілерін орнату арқылы ұзындығы  Қарғалы өзенінің 7,7 ақырым жағалауын абаттандыру басталады. Бұл туралы  қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтып, жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланғанын атап өтті.

Бұдан басқа, "Халыққа қатысатын бюджет" (ХҚБ) бағдарламасын іске асыру аясында жаяу-серуендеу, саябақ аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін, жол инфрақұрылымын салу және т.б. бойынша 40 жаңа жоба іске асырылатын болады. Олардың ішінде "Рахат" шағын ауданындағы 1,3 га сквер, "Шұғыла" ТК аумағындағы жаяу-серуендеу аймағы,  "Қарғалы", "Тау самалы"  шағын аудандарындағы 4 балалар ойын алаңдары бар. 2024 жылға бұл мақсаттарға 2,5 млрд теңге бөлінді, деп нақтылады қала басшысы. 

Еске салсақ, 2023 жылы ХҚБ бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданында 2,7 млрд теңгеге абаттандыру  жөнінде 62 жоба іске асырылды. Сонымен  "Шұғыла" шағын ауданындағы "Алма Сити" ТК жанында, Райымбек даңғылы бойында жаяу-серуендеу аймағы салынды.  "Қалқаман" шағын ауданындағы  0,7 гектардан асатын қараусыз қалған аумақты абаттандырылды, Ақжар Ақжар ш/а сквер ісе қосылды. Абай даңғылының бойында ( Әшімов көшесінің бұрышы)  футбол және баскетбол алаңдары, ал "Ақжар", "Қалқаман" шағын аудандарында 4 балалар ойын алаңдары жасалды.