Нәскиге қанша қаражат жұмсалды?

Нәскиге қанша қаражат жұмсалды?
Сурет: ашық дереккөз

Өткен жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 72 млрд теңгенің шұлығын киіпті.

Мамандар бұл көрсеткішті 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 18 есе көп екенін айтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Ішкі нарықта шұлық пен колготки сату көлемі жылдың соңғы айында 14%-ға өскен. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2023 жылдың алдыңғы 11 айымен салыстырғанда әжептәуір көп. Жыл өткен сайын  көрсеткіш 18 есеге артқан.

«Өнімдердің түгелге жуығы  шетелден келеді. Доллармен есептегенде, бір айда шұлық бұйымдары импортының көлемі 157 миллионды құраған. Бұл 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 20 есеге көп. Соның түгелге жуығы Қытайдан келген мақта шұлық бұйымдарының үлесіне тиеді – 20,3 миллион жұп», - делінген хабарламада.

Енді көрсеткіштің 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 18 есеге өскенін ескерсек, алдыңнан миллиардтар шықпағанда, несі қалды. Негізінен тоқыма саласын өзімізде неге дамытпасқа?