Мәден Әбілов: Тәуелсіздік – қазағымның сан ғасырлық арманы

Мәден Әбілов: Тәуелсіздік – қазағымның сан ғасырлық арманы
Cурет: Almaty.tv

«Тәуелсіз ел боламыз» деп алаңға шыққан сол кездегі ұл-қыздардың арманы орындалды. Бұл туралы Желтоқсан оқиғасына қатысушы  Мәден Әбілов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Осыдан 35  жыл бұрын біз 23 жастағы жігіт едік, қазір 60-ты алқымдап қалдық. Қазір Аллаға шүкір, «Тәуелсіз ел боламыз» деген қазағымның сан ғасырлық арманы орындалды. Қазіргі таңда көп жақсылыққа кенеліп жатырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз. Кеудемізге медалімізді тағып, жағдаймызды жасап жатыр. Ал Желтоқсан оқиғасына қатысты түсірілген фильм өте керемет», – дейді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Мәден Әбілов.