Миразова атындағы олимпиада өтті

Миразова атындағы олимпиада өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова атындағы «Алматы дарыны» ІІ қалалық математикалық олимпиаданың қорытындысы №178 мамандандырылған лицей базасында өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, стандартты емес ойлауды дамыту, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында өткен дода тартысты әрі қызықты болды. Бұл іс-шара жас математиктерге өз қабілеттерін көрсетуге және математика саласында лайықты танылуға тамаша мүмкіндік берді.

Айта кету керек, олимпиада мектепішілік, аудандық, қалалық үш кезеңде өтті. Ал аудандық кезеңіне білім беру мекемелерінің 8-9 сыныптарынан 755 оқушы қатысып, ең үздік нәтижемен 106 оқушы қалалық кезеңде қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 11 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Атап айтсақ, №90 мамандандырылған мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Ли Игорь, №18 гимназияның 9 сынып оқушысы Гадеева Диана І дәрежелі дипломмен мараптталып, 100 000 теңге ақшалай сертификаты мен планшет табысталды. №130 мектеп-гимназияның атынан додаға түскен 8 сынып оқушысы Кошкаров Мансур, «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Кемелбай Мұхаммедмансұр, И.В.Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Годяев Дмитрий, Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Нағашбек Нұрайлымның бағы шауып  ІІ дәрежелі дипломмен, 50 000 теңге ақшалай сертификат мен Яндекс станциясы табысталды. Ал үшінші орын тұғырынан көрінген оқушылар,а 30 000 теңге және құлаққаптар таысталды.

Сонымен қатар, 10 оқушыға ынталандыру сыйлығы ретінде кітап дүкендерінің біріне 10 000 теңге көлеміндегі сертификат берілді.