Мерекелік концерт өтті

Мерекелік концерт өтті
Суретті түсірген - Самат

Елордамыздың 25 жылдығына орай «Family» саябағында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Алматы Ақшамы.

Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған концерттің басты мақсаты - өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мерекелік концертті тамашалауға қала тұрғындары отбасыларымен келді. Сонымен қатар, мұнда жастар, қаламыздың қонақтары және өзге де аудан тұрғындары бас қаламыздың күнін бірге атап өтті. 

Мерейтойда Сейфуллин Жолбарыс, Абай Бегей сияқты қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Сондай-ақ, «7 чудес Света» театрының бүлдіршіндері патриоттық әндер тарту етті. 

Сахнада өнер көрсеткен әншілер мен бишілерге көрермендер алғыс айтты. Бәрі бірге әндетіп, билеп мерекені тойлады. Бәрінің жүзінде мерекелік көңіл-күй, болашаққа сенім бар. 

Астанамыз жарқын болашаққа деген үміттің, тәуелсіздіктің символы. Ендеше егемендігіміз мың жылдық болсын.