«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» байқауының жеңімпаздары марапатталады

«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» байқауының жеңімпаздары марапатталады
Сурет: Ашық дереккөзі

Байқауға 70-тен астам оқушы қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің демеуімен 2022 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында «Ашық қоғамға – ашық Архив» I Халықаралық архивистер Конгресін өткізеді. Конгрес аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конкурстың мақсаты – жалпы білім беретін мекемелер оқушыларының зияткерлік және тұлғалық дамуы, олардың тарихты зерделеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, отандық тарих, туған жер, отбасы тарихы бойынша құжаттық деректерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.

Байқауға 70-тен астам оқушы қатысты. Зерттеу жұмыстарын арнайы комиссия бағалады. Жұмысты бағалау кезінде құрылымы, тарихнамалық шолудың болуы, пайдаланылған деректер базасының сипаттамасы, зерттеу мақсатына қол жеткізуді көрсететін мақсат, міндеттерді, қорытындыларды тұжырымдау, нақты зерттеу әдістерінің сипаттамасы және оларды қолданудың шығармашылық зертханасы, жұмыс мәтініне сілтемелердің библиографиялық ресімделуі, дереккөздер мен әдебиеттер тізімі ескеріледі. Шығармадағы авторлық мәтіннің үлесі 70% кем болмауы керек. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 19 қазан Республикалық Достық үйінде Конгрестің ресми ашылу күні өткізіледі. 

Конкурсқа жалпы білім беру мекемелерінен ниет білдірген 8-11 сынып оқушылары және  6-7 сынып оқушылара ұжымдық жұмысты ұсыну арқылы қатысты.