Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады
24 kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған. Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.