Мектеп автобустарының саны артады

Мектеп автобустарының саны артады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданында мектеп автобустарының саны оқу жылының басынан бастап үш есе артады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде оқушыларды тасымалдау жоспары туралы баяндады.

Оның айтуынша, Түрксіб ауданында бүгінде 8 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды (№20, 32, 89, 115, 162, 195). Жаңа оқу жылының басынан бастап 10 мектептің 2 мыңнан астам оқушысын қамту үшін автобустардың санын 22 бірлікке дейін арттыруды жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектеп автобусы» жобасы 2023 жылы Алматыда әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынды. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, мегаполистің қосымша 27 мектебін қамту көзделіп отыр.