Медеу ауданында 2023 жылы 75 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

Медеу ауданында 2023 жылы 75 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді. Сондай-ақ, арық желілерін салу және жаңарту жобасы аясында ауданда ұзындығы 23,6 км болатын 31 көше бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда 18 көшеде 6 км жаңа арық желілері салынды. Үш көшеде (Байқоңыр, Шәріпова, Тәттібекова – 1,2 км) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда. Қалған 10 көшедегі 16,4 шақырымды қамтитын жұмыстар 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталады, бұл ағынды суларды айтарлықтай жақсартып, су тасқынын жоюға мүмкіндік береді.  ). Ұзындығы 16,4 шақырым құрайтын 10 көше бойынша жұмыстар 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталады. Нәтижесінде, ағынды сулар едәуір жақсартып, су тасқынын жояды деп күтілуде.

Жол жөндеу мәселесіне тоқталған Еркебұлан Оразалин, қалалық мобилділік басқармасы тарапынан ұзындығы 22,15 шақырым болатын 26 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтты. Ал орталықсыздандыру аясында аудан әкімдігімен 2023 жылы 68 мың м2 жолдарды ағымдағы жөндеу аяқталып, 75 көше жөнделді.
 
Сондай-ақ, ұзындығы 24,5 шақырым құрайтын 29 көшеде жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру жұмыстары аяқталды. Аудандағы 15 көшенің бойында (Гоголь, Қалдаяқов, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, М.Мәметова, Қонаев, Жангелдин көшелерінің бойында) іргелес аумақтарды абаттандырумен қатар (қара топырақты тегістеу және көгалдандыру) 7,3 км жаяу жүргіншілер жолы салынды.

«Қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 218 автобустың жылжымалы құрамы жаңартылды (№8,13,17,29 Р, 37,38,65,69,117,119,131,207,225). Жыл соңына дейін тағы 10 маршрутта 249 автобус көлемінде жылжымалы құрамдар (№79, 63, 50, 45, 32, 12, 92, 118, 120, 121) және 30 тау автобусы жаңартылады», - деп атап өтті Медеу ауданының әкімі.

Е. Оразалин көшелерді жарықтандыру мәселесіне де тоқталды. 1 қарашада «Алматы Қала Жарық» МКК-мен ұзындығы 649,8 шақырым ауданның 29 920 жарық нүктелеріне қызмет көрсетуге және сыртқы жарықтандыру желілерін жөндеуге келісім-шарт жасалды (сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары – 268 дана). 
 
Бүгінгі таңда ұзындығы 1 027 шамды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 160 кабель желісінің үзілістері, 66 жерде кабельдік тұйықталу жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.