Медеу ауданының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Медеу ауданының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте сөз сөйлеген Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин ауданда су көздерін салу және қолданыстағы су жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Е.Оразалиннің айтуынша, аудан тұрғындарын орталықтандырылған су жүйесімен қамту басым бағыттардың бірі.



“«Каменское плато», «Көлсай, «Мұзтау» және «Юбилейный» шағын аудан тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін қала әкімінің тапсырмасы бойынша ТЖ желісі арқылы жалпы көлемі 7,3 мың шаршы метрлік жеті резервуар, үш жаңа ұңғыма салу және жалпы көлемі 500 шаршы метр болатын үш қолданыстағы ұңғыманы жаңарту, 9,6 шақырым магистральдық желілерді салу және жаңарту жұмыстары жүргізілуде”, - деп атап өтті Медеу ауданының әкімі. 



Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау осы жылдың 25 желтоқсанына дейін жоспарланған.


Биыл сәуір айында жалпы ұзындығы 46 шақырым су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы басталды. «Көлсай», «Кенсай» шағын аудандары және Халиуллин көшесіндегі жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.


«Компот» шағын ауданы, С.Нұрмағамбетов пен Р. Бағланова көшелеріндегі жұмыстары осы жылдың шілде айында басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталады.


«Думан» шағынауданындағы  жалпы ұзындығы 23,7 шақырым және «Сұлусай» шағын ауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу, жалпы ұзындығы 18,1 шақырым екі ұңғыма, сумен жабдықтау және кәріз желілерін салуға арналған жобалар бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.


Сондай-ақ, «Алатау», «Атырау» ш/а және Малая Станица аймағында (32 көше) сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірленуде. Сараптама 2024 жылдың I тоқсанында шығады деп күтілуде.


Сондай-ақ «Алатау», «Атырау» шағын аудандары мен Малая станица аймағында сумен жабдықтау және кәріз желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама 2024 жылдың бірінші тоқсанында шығады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38