2023 жылы Медеу ауданында қандай мектептер күрделі жөндеуден өтіп, кеңейтілді

2023 жылы Медеу ауданында қандай мектептер күрделі жөндеуден өтіп, кеңейтілді Өңірлік коммуникациялар қызметі

Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқандығы туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин ӨКҚ брифингі барысында айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бүгінгі таңда аудан бойынша 3 461 оқушы орындары жетіспейтіндігі атап өтілді. Оны төмендету мақсатында тамыз айында №48 мектепке 250 орындық толықтырумен қайта жаңарту және №131 мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды..



«Жалпы, біз 5 мың жаңа орынға арналған 8 жобаны жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл сейсмикалық күшейту арқылы кеңейту және күрделі жөндеу құрылысы. Тамыз айында №35 (300 орындық) және №99 (250 орындық) мектептеріне кеңейтілген 2 жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптамалық қорытындылар алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2024 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған», - деді Е.Оразалин.



Желтоқсан айында аудан әкімдігі №131 (300 орындық) және №168 (300 орындық) мектептерге бастауыш сыныптар үшін қосымша ғимараттар салуға екі жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптама қорытындысын алу күтілуде.
 
Сонымен қатар, №33, 161 және 17 мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы қайта жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. №33 мектепке сараптама алынды (21.08.2023), құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 1 тоқсанында басталады. №161 және №17 мектептері бойынша ақпан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығып, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында басталады деп күтілуде.


«Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында Құлжа тас жолының   оңтүстігінде 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.


Сондай-ақ, жеке инвесторлар есебінен («MG City» ЖШС, «Saba Group» ЖШС) «Думан» шағын ауданында (1200 орын) және Халиуллин көшесі, 140 (300 орын) бойынша 1500 орындық екі мектеп салу жоспарланған. 3 жоба бойынша іске асыру мерзімі 2024 жыл. 2024 жылдың қаңтарында «Ikigai School» жеке мектебінің (260 орындық) спортзалының қосымша құрылысы аяқталады.


Бұдан басқа, Бөгенбай батыр көшесі, 42 мекенжайы бойынша №29 мектеп үшін 300 орындық қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу рәсімдері жүргізілуде (сатып алуды аяқтаудың болжамды мерзімі осы жылдың соңына дейін).


Биыл 500 орындық 10 жеке балабақша ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 450 орындық 9 балабақша ашылды, 1 балабақша биылғы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.


№195 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді. Ағымдағы жылдың 23 қазанында оң қорытынды алынды. Қазіргі уақытта ҚМЖ іске асыру үшін құрылыс басқармасының балансына (тапсырыс берушіге) беру рәсімдері жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

19:36

19:25

19:22

18:58

18:29

17:51

17:37

17:04

16:28

16:05

16:05

16:01

15:54

15:27

14:46

14:46

14:35

13:37

13:06

13:01

12:47

11:55

11:44

11:41