Маралтай Райымбекұлы, ақын: Жауапкершіліктің салмағы ауыр

Маралтай Райымбекұлы, ақын: Жауапкершіліктің салмағы ауыр
almaty-akshamy.kz

– Мен тұрғылықты жерім бойынша Алматы қаласындағы №322 сайлау учаскесінде дауыс беруім керек еді. Бірақ жұмыс бабымен бүгін Тараз қаласына келіп қалдым. Дегенмен өзімнің азаматтық борышымды орындау үшін алдын ала өзімнің сайлау учаскеме барып, басқа қаладан дауыс беруге рұқсат алдым. Қазақстанның әр азаматы қай жерде жүрсе де, сайлауға атсалысып, дауыс беруі тиіс деп ойлаймын. 
Бүгін мен де қазақ халқының бір перзенті ретінде сайлауға қатысып, дауыс бердім. Еліміздің ертеңіне, халқымыздың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сайлауға түсіп жатқан әр азамат та өзіне артылған жауапкершіліктің жүгін сезінеді деп үміттенемін. Халықтың мүддесін бәрінен жоғары қоятын, елі үшін тер төгетін азаматтарды таңдау өз қолымызда. Жұдырықтай жұмылып әрекет етсек, әрқайсымыздың көкейіміздегі Жаңа Қазақстанды құра алатынымыз анық.