Әркімнің дауысы маңызды - Ермахан Ыбырайымов

Әркімнің дауысы маңызды  - Ермахан Ыбырайымов
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

 Қазақ боксшысы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов сайлау учаскесіне келіп, отбасымен бірге дауыс берді.

Спортшы ел болашағына бейжай қарамайтындар қатарынан. Бүгін ол отбасын ертіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тұғыры мықты ел болу үшін өз мемлекетіміздің тағдырына бейжай қарамауымыз керек. Ұлтқа, елге деген жанашырлық осындай саяси науқандарға қатысудан басталады. Өйткені, бұл өте маңызды әрі жауапты қадам. Тіпті, бүгінгі күнді бүкіл қазақстандықтар үшін мейрам десек те болар. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген саяси науқаннан ешкім қалыс қалмайды деп сенемін. Міне, мен де отбасыммен өз сайлау учаскемізге келіп таңдауымызды жасадық. Қазақстанның болашағына бейқам қарамаңыздар, өйткені әркімнің дауысы маңызды», - дейді спортшы.