Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
Сурет: 24.kz.

Жартылай финалда жапониялық Наруха Мацуюкиден басып түсті.

Қазақстандық бұрымды балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

68 келінің алтын медалін қырғызстандық спортшы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейрім Жұманазаровамен сарапқа салады. 

Мадина Бақбергенова жартылай финалда жапониялық Наруха Мацуюкиден басым түсіп, финалда күресуге мүмкіндік алды. 

Айта кетерлігі, 76 келіде бозкілемге шыққан Гүлмарал Еркебаева құрлық додасының қола жүлдесі үшін бағын сынайды. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы Моңғолия балуаны Ариунжаргал Ганбат болмақ.