ҚР ДСМ: Індет жұқтырған 1918 адамның жағдайы ауыр

ҚР ДСМ: Індет жұқтырған 1918 адамның жағдайы ауыр
Сурет: Ria.ru

405 пациенттің жағдайы өте ауыр.

ҚР ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.