Тұрғындармен кездесті

Тұрғындармен кездесті ainews.kz

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров «Нұршашқан», «Майк», «Әуежай» шағынаудандарының тұрғындарына есеп беріп, әкімдіктің атқарған жұмыстарын баяндады. Тұрғындар көптен бері толғандырған, шешімі табылмаған сұрақтарын қойды.


Шара барысында қалалық басқармалар өкілдері, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет басшылары бірлесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.



Аудан әкімі 2020–2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» шет аймақтарды дамыту кешенді жоспарының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді. Бақытжан Ақжаров «Жас қанат» шағынауданын сумен жабдықтау бойынша ЖСҚ әзірленіп, мердігер анықталғанын хабарлады. «Төменгі пятилетка» аумағын сумен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, мердігер анықталды, жобаны іске асыру мерзімі – 2022-2023 жылдар. Жобамен 4000-нан астам үй қамтылады, 13,3 мың тұрғын, желілердің ұзындығы 92,4 шақырымды құрайды. Үстіміздегі жылы ауданымызда жоспарланып отырған жұмыстар жетерлік. Жол инфрақұрылымын жақсарту, жастар мен балаларға арналған спортық алаңдарды салу. Қаламыздың табиғаты мен көркін жақсарту мақсатында ағаштар мен гүлдер отырғызу. Күнделікті тұрмыста қажеттілік тудыратын су, жа- рық, жол сынды мәселерді шешетін боламыз», – деп толықтырды Түрксіб ауданының әкімі.



Сондай-ақ, ауданда инженерлік желілерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 4,4 шақырым сумен жабдықтау желісі, 2021 жылы 700-ден астам үйді (2800 тұрғын) қамти отырып, 6,5 шақырымы реконструкцияланды.



«Әкімдіктің атқарып жатқан жұмыстарына көңіліміз толады. Халықтың пікіріне құлақ асып, өзекті мәселелерді көппен бірге шешеді. Қарап отырсақ, «Нұршашқан» шағынауданы жыл сайын көркейіп келе жатыр. Жолымыз жөнделді, жарық қойылды, жаңа мектеп қолданысқа берілді. Қирағалы тұрған көп қабатты үйлеріміз жөнделіп, жаңа тұрғын үйлер салынды. Шағынауданда түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан жайы бар», – дейді аудан тұрғыны Тұрсын Акимжан. Іс-шара барысында абаттандыру, қоғамдық көлік, халықты еңбекпен қамту, жауапсыз мердігерлер және басқа да мәселелер көтерілді. Айтылған барлық мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35