Лукашенко «мәңгілік президент» болуға дайын екенін мәлімдеді

Лукашенко «мәңгілік президент» болуға дайын екенін мәлімдеді
Сурет: Dw.com

Ол қандай жағдайда билік ертерек ауысатынын да айтты.

Александр Лукашенко егер Батыс елдері Беларусьқа шабуыл жасай берсе, өмір бойы президент болып қала беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Бұл туралы Беларусь Президенті Осиповичский полигонындағы «Одақтық шешім-2022» деп аталатын Беларусь-Ресей әскери жаттығуларының барысымен танысқаннан кейін журналистерге айтты.

«Мен ешқашан қашан кететінімді айтқан жоқпын, тек қандай жағдайда кететінімді айттым. Егер Батыс елдері, әсіресе, АҚШ біздің елімізді өз нысанасынан алып тастап, төңкеріс ұйымдастыру ойынан арылса, билік заңды түрде, ертерек ауысады. Ал егер сіздер әдеттегідей шабуылдайтын болсаңыз, мен өмір бойы президент болып қаламын», – деді Александр Лукашенко.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеген еді.

«Егер біз қателік жібермесек, 15 жылдан кейін Украина одаққа кіруі мүмкін деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.