Надежда Морозова конькимен жүгіруден Бейжің Олимпиадасында 11 орын алды

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Бейжің Олимпиадасында 11 орын алды
Сурет: Inform.kz

Ол қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтті.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 1000 метрге конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

Біздің конькишілер арасынан үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол аталған қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, қорытынды есепте 11-ші орын алды. 

Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен жарысты 19-шы орында аяқтады. 

Конькишілер додасында олимпиада рекордын орнатқан жапондық Михо Такаги (1:13.19) жеңіске жетті. Екінші орынды нидерландтық Ютта Лердам (1:13.83), үшінші орынды америкалық Бриттани Боуи (1:14.61) иеленген.