Лицензиялық турнир: қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті

Лицензиялық турнир: қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті
Сурет: Olympic.kz

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Айбек Оралбай алғашқы кездесуін өткізді.

92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Айбек үндістандық Санжит Санжитке қарсы шыққан болатын.

Екі Азия чемпионының қатысуымен өткен кездесу Айбек Оралбайдың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін оның сыңары Нұрбек Оралбай да бірінші айналымнан сәтті өткен еді.