Көңіл - ажары...

Көңіл - ажары...
Сурет: Сomfy.ua

Әр сәт - бақыт!

Философтар «Адамның көңілі – жақсы сөз естігенде тынығады» депті. Қай заманнан әрбір пенде өзіне жайлы дүние іздейтіні заңдылық. Оны әрбір нәрседен аңсауы ықтимал. Бәлкім – музыка. Мүмкін – махаббат. Ендігісі – сүйікті іс т.б. Кімге қалай ұнайды, ол – солай жасайды. Осыған дейін осы тақылеттес ойды қозғадық. Соны әрмен қарай жалғауды жөн көрдік.

Энергиялы музыканың әсері мол. Соңғы уақыттары неше түрлі жанды жадырататын әндер шықты. Бүгіндері оны – «хит» деп атап жүр. Міне солардың бірең-сараңын естісеңіз, бірден ес жиясыз. Өмірге деген ынтаңыз артады. Осы күні жастар «кавер» тыңдағанды сүйеді. Бұл – өте жақсы! Жадырап, жарқырап жүруге септеседі. Ғалымдардың айтуынша, мүмкіндігінше баяу ырғақты әндерге көп бармаған жөн. Егер бей берекет соңына түссеңіз, біртіндеп сондай көңіл-күйді өзіңізге қалыптастырасыз. Мұны да тыңдау керек шығар. Бірақ – ретімен.

Топшы. Ойшыл Марк Твеннің ойы материал дәп келіп тұрғандай. Ол «Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін» дейді. Осы жерден тізгінді тарттық. Ажарлы адамға бәрі құмар. Түсінген үшін барлық жер жүзі ажарлы демекпіз.