Күннің ыстығы 40 градустан асады

Күннің ыстығы 40 градустан асады
Сурет: Pixabay.com

Мамандардың айтуынша, бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты.

Қазгидромет 29 маусым мен 1 шілдеде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанның көптеген өңірлерінде температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты. Тек республиканың батысында шілде айының басында найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бұл жылудың аздап әлсіреуіне ықпал етеді: түнде 17...22-ге дейін, күндіз 27.....35-ке дейін жылу. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15...22-ге, күндіз 30-....38-ге дейін жылу. Оңтүстік өңірлерде әлі де құрғақ және ыстық ауа райы түнде 20...25, күндіз 35....42 жылу», - делінген.