Қуандық Бишімбаевтың сот процесі жабық режимде өтеді

Қуандық Бишімбаевтың сот процесі жабық режимде өтеді
almaty-akshamy.kz

27 наурызда алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы  өтеді. Сот процесі жабық режимде өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша алқабилер құрамы 27 наурызда  іріктеледі. Заңгер Әйгерім Құсайынқызы Бишімбаевтың алқабилер сотына жүгінуін «ақталуға деген ұмтылыс» деп санайды. Сарапшының айтуынша, қолданыстағы тәжірибеде алқабилер сотында қаралған істердің ақталу ықтималдығы бес есе жоғары.  

Қазақстан Республикасының 75-бабының 2-тармағына сәйкес заңда көзделген жағдайда қылмыстық процесс алқа билердің қатысуымен өтеді. Яғни, алқабилер сотына жүгіну кез келген Қазақстан азаматының конституциялық құқығы. Бишімбаев мырза конституциялық құқығына сілтеме жасау арқылы аталған іске жариялылық сипат бергісі келген тәрізді. Бірінші күні-ақ ол өзіне тағылған кінәні мойындамағандықтан, «менің кінәсіз екендігімді бүкіл халық көрсін» деп айтқысы келген тәрізді. Сонымен қатар ақталуға деген ұмтылыс деп ойлаймын. Себебі Қазақстандағы алқабилер сотының ақтау көрсеткіші 10 пайыз. Ал жалпы соттарда бұл көрсеткіш 1,5-2 пайыз. Яғни, алқабилер сотында қаралған істің ақталу ықтималдығы 5 есе жоғары деген сөз. Заң оған мүмкіндік беріп отыр, – дейді заңгер.