Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сіз отандастарыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз», – деп жазылған жеделхатта.