Тарихи орынмен танысты

Тарихи орынмен танысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Осыған дейін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығындағы келеңсіздік туралы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері мәселе көтерген болатын. Көтерілген проблема Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады. Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен үшінші Ұлттық құрылтайда тарихи жәдігерлер жайын сөз еткен еді. Араға көп уақыт салмай ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин арнайы барып, тарихи орынды көріп қайтты.

Ерлан Тынымбайұлы археологиялық кешенінде болып петроглифтерді сақтау және қорғау жағдайына қарап, бүгінгі күнде орын алып отырған өзекті мәселелер қозғалып, сонымен қатар Таңбалы аймағында басқада петроглифтер шоғырланған аумақтар Аққайнар, Басбатыр, Серіктас, Қарақыр  және сол сияқты өзгеде жартас суретті шоғырланған археологиялық   аймақтарды қорғау  туралы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, «Таңбалы» музей-қорығының ұжымының атқарып жатқан жұмысымен танысты

Таңбалы музей-қорығы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.

Таңбалы музей-қорығының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Сапар орталығы үшін 24 га жер берілген.

«Таңбалы» қорық-музейінің Сапар орталығы 2019 жылы пайдалануға берілді. Барлық талаптарға сай заманауи үлгіде жабдықталған ғимарат экспозициялық зал, конференц-зал, кітапхана, зертхана, кеңсе, асхана және жатақханамен қамтылған.

Таңбалы Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш.