Көйлегі үшін көпшіліктен таяқ жеді

Көйлегі үшін көпшіліктен таяқ жеді
Сурет: видеодан алынды

Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласында жергілікті ұйымдасқан топ ерекше суреті бар көйлек киген әйелдің киімін жыртып жібере жаздады.

Сауатсыз топ киімдегі араб каллиграфиясын Құран аяттары деп түсініп, қызды күпірлік етті деп айыптады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Al Jazeeraға сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар араб каллиграфиясы бар көйлек киіп, қоғамдық орында жүрген әйелді қоршап алып, өлтіреміз деп қорқытты. Ашулы адамдардан құтылуға жергілікті полиция қызметкері көмектескен. Полиция нәзік жанды қызды аман-есен шығарып салу үшін жиналған адамдармен келіссөз жүргізіп, оны тыныш жерге апарған.

Желі қолданушылар, әсіресе Пәкістан тұрғындары да жараланған әйелді жақтап пікір білдірген. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі құқық қорғау органдары өкілдері жанжал тудырғандарды тауып, жаза қолдануды талап еткен.