Алматыда креативті индустрия апталығы өтеді

Алматыда креативті индустрия апталығы өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

1-5 қараша аралығында Алматы халықаралық ұйым көшбасшыларының, қазақстандық сарапшылардың және мемлекеттік сектор өкілдерінің талқылау алаңына айналады.

Форумға Ұлыбритания, Италия, Қырғызстан, Нидерланды, Өзбекстан, Франция және т.б. елдердің білім беру және креативті хабтары, креативті сегмент ұйымдары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Креативті индустриялар апталығы аясында Алматыда көрмелер, перфоманстар, театр қойылымдары, қолөнершілер форумы және авторлық туындылардың көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Тимур Бекмамбетовтің «Профиль» фильмінің премьералық көрсетілімі және Dota 2 пәні бойынша CIW Esports Cup киберспорт турнирінің финалы өтеді.