Ковидпен жеңіл түрде ауырып жатқандарға қажет кеңес

Ковидпен жеңіл түрде ауырып жатқандарға қажет кеңес
24 kz

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған және ауру жеңіл өтіп жатқан азаматтарға үйде қалуға кеңес берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің көмегіне тек ауру асқынған кезде жүгінуге болады. Жуырда ел билігі осындай қаулы қабылдады. Бұл ауруханаларға түсетін жүктемені азайту мақсатында жасалған. 

Сондықтан бұдан былай емханаларға тек 60-тан асқандар мен қосалқы ауруы бар адамдар ғана жатқызылады. 

Қазір Оңтүстік Кореяда "омикрон" штамы өршіп тұр. Өткен тәулікте елде 54 мыңнан астам азаматтан қауіпті инфекция анықталған.