Қостанайда орман шаруашылығының басшысы қамалды

Қостанайда орман шаруашылығының басшысы қамалды
Сурет: Semeytany.kz

Прокуратура аймақта болған алапат өртке байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл іс бойынша орман шаруашылығының басқа да лауазымды қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қостанай облысындағы «Басаман орман шаруашылығының» басшысы сот санкциясымен қамауға алынды. Оған «Ауыр зардаптарға соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Еске салайық, өрт кезінде 100-ге тарта құрылыс нысаны мен 43 мың гектардай орман күлге айналды. 91 отбасы баспанасыз қалды. Шығын болған техника мен үй жануарларының есебі әлі жүргізіліп жатыр.