«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектептер) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектептер) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:
educationweek.ru
  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «М.Хамраев атындағы № 150 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шапағат ықшамауданы, Биянху көшесі, 87 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 18 гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Радостовец көшесі, 38 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «М. Дулатов атындағы № 136 мектеп-гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі, 130 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 5 мектеп-гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 9 ықшамауданы, 16 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 116 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 8 ықшамауданы, 46 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 119 мектеп-лицей» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 8 ықшамауданы, 45 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Таугүл-3 ықшамауданы, Шаймерденов көшесі, 21 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 2006 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 45 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 ықшамауданы, 55 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Махатма Ганди атындағы дарынды балаларға арналған № 92 мамандандырылған мектеп-лицей» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Панфилов көшесі, 205 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 183 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Ерменсай шағын ауданы, 73 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 2006 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 190 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Нұрлытау ықшамауданы, 49 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1997 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 193 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Кемел ықшамауданы, 54 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 11 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Волгоградская көшесі, 22 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 31 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Гете көшесі, 261/26 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 142 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жұлдыз-1 ықшамауданы, 20 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл. Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде - қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады. Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі (Қағидалар ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығының жаңа  редакциясында), (бұдан әрі - Қағидалар).

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурсты өткізу орны: конкурс «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әбіш Кекілбаев көшесі, 89 үй мекенжайында онлайн режимінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ немесе Мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) лауазымға орналастыру үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

  • осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • біліктілік тестілеу сертификаты;
  • Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
  • түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Мемлекеттік корпорацияға (Азаматтарға арналған үкімет) немесе 050060, Алматы қаласы, Әбіш Кекілбайұлы, 89 үй, Алматы қаласы Білім басқармасы.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

  • заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі;
  • кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу.
  • кандидаттармен әңгімелесуді конкурсты жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүргізеді.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестілеуден, «Басқарушылық құзыреттер», педагогика және психология бағыты бойынша тестілеуден өтеді.

Тестілеу 100 сұрақтан тұрады:

  • заңнаманы білуі бойынша - 75 сұрақ;
  • «Басқарушылық құзыретіліктер» бағыты бойынша - 15 сұрақ;
  • педагогика және психология негіздері бойынша - 10 сұрақ.

Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әрбір бағыт бойынша 70%-ды құрайды.

 

Тестілеу 2022 жылғы 01 сәуірде, сағат 10:00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 үйде (Логистика және көлік академиясы) өткізіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап   3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77016707497. Элекрондық адрес: 8063807@mail.ru.

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

 _______________________________________________________________________________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

 ____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 ____________________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

Өтініш

 

Мені ______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазіргі уақытта___________________________________________________________________

________________________________________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

 

     

Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар  болса)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

 - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

 - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

 - радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

Келісемін ________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда))                 (қолы)

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

 

20___жылғы "____" ______________ ____________________

                                                                                               /қолы /