UFC турнирінде өнер көрсеткен Мария Агапова жеңіліп қалды

UFC турнирінде өнер көрсеткен  Мария Агапова жеңіліп қалды
Cурет: Inform.kz

Бұған дейін Агапова UFC алаңында екі мәрте жеңіске жеткен

Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC алаңындағы кезекті жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Sports.kz ресурсының мәліметінше, бүгін Американың Лас Вегас қаласында өткен UFC турнирінде Мария украиналық Марина Морозбен кездесу өткізді.
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылуы тиіс еді, алайда екінші раундта Мороз тұншықтыру әдісін қолданып, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша Марина Мороз ММА-дағы кәсіби мансап жолында он бірінші мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ол UFC промоушнында тоғыз айқасқа шыққан, алты рет жеңіске жетіп, үш мәрте жеңіліс тапқан.

Ал Мария Агапова осымен үшінші рет ұтылып тұр. Жалпы Агапова UFC алаңында екі мәрте жеңген, екі рет жеңілген.