Қоржынға тағы алтын!

Қоржынға тағы алтын!
Сурет: olympic.kz

Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Н.Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан 15.433 ұпай жинап, алтын медальға ие болды.

Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл айтулы бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.