Коронавирустан емделіп жатқан 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр – ҚР ДСМ

Коронавирустан емделіп жатқан 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр – ҚР ДСМ
Cурет: Egemen.kz

69 пациенттің жағдайы өте ауыр

27 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 912 адам коронавирус инфекциясынан (–21 798+ және 1 114 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, олардың ішінде 2 592 пациент стационарда, 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 184 адамның жағдайы ауыр,
• 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.