Коронавирус жұқтырған 86 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирус жұқтырған 86 науқастың жағдайы ауыр
Cурет: 24.kz

22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Соңғы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 11 394 адам (10 339 КВИ+ және 1 055 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында 1 024 пациент – стационарда, 10 370 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус белгілері бар пневмония) шалдыққандардың арасында:
- 86 адамның жағдайы ауыр,
- 27 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.