Қор нарығында доллар сәл қымбаттады

Қор нарығында доллар сәл қымбаттады
Сурет: Inbusiness.kz

Доллар бағамы 0,77 теңгеге қымбаттады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,77 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477, 12 теңге.

Ұлттық банктің 19 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 12 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 480,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 476,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге.

Ресей рублі 7,45 - 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.