Қор нарығында доллар бағамы арзандады

Қор нарығында доллар бағамы арзандады
Сурет: Kapital.kz

Доллар бағамы 2,16 теңгеге төмендеді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 89 теңге болды.

Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 32 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 7,57 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге.

Ресей рублі 7,23- 7, 43 теңге аралығында саудаланып жатыр.