Конференция лигасы. Қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

Конференция лигасы. Қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды
Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық клубтардың UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жарыстың аталған сатысында шымкенттік «Ордабасы» Польшаның «Легия» (Варшава), «Ақтөбе» Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) мен «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал бірінші іріктеу сатысында Финляндияның «Хонка» клубын жеңген жағдайда екінші іріктеу сатысында Швейцарияның «Базель» клубына қарсылас болады.

Сондай-ақ, елордалық «Астана» UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубына жол берген жағдайда Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы қарсылас белгілі болды.

«Астана» мұндай жағдайда Мальтаның «Хамрун Спартанс» (Хамрун) және Израильдің «Маккаби» (Хайфа) жұбының жеңілген командасымен кездеседі.

Бұл командалар да алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында ойнайды.

Жарыстың екінші іріктеу сатысындағы ойындар 27 шілде және 3 тамызға белгіленген.