Көлігіңді қуаттап беретін мешіт

Көлігіңді қуаттап беретін мешіт
Сурет: интернеттен

Қазақстанға танымал  Нұрлан имам бұл жаңалықты Instagram парақшасында жазды.

Нұрлан қажы Байжігітұлы Астанадағы Ырыскелді қажы мешітінің алдына өзге ғибадат орындарында жоқ құрылғы орнатқызды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміздегі алғашқы эко мешіт атанған «Ырыскелді қажы» мешіті тағы бір жабдықпен толықты. Нұрлан имамның бастамасымен мешіттің алдына электрлі автокөлікті қуаттайтын қондырғы орнатылды.

«Мынау Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің жанындағы автотұрақ. Осы мешітте елімізде тұңғыш рет электрлі автокөлікті қуаттайтын қондырғы қойылды. Енді намаз оқыған кезде Zeekr, тағы басқа көліктеріңізді қуаттасаңыздар болады. Өздеріңіз имамның уағызымен қуаттанып, көліктеріңізді осы қондырғыдан қуаттап қайтасыздар», деді Нұрлан Байжігітұлы.