«Көктөбе» саябағында денсаулық жолы салынады

«Көктөбе» саябағында денсаулық жолы салынады
Twitter

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.    

Қазіргі уақытта «Есентай» өзенін абаттандыру жобасы аясында Кіші Алматы өзенінің 3-ші кезегі бойынша су бөлгіштен «Медеу» кешеніне дейін жалпы ұзындығы 6,2 шақырым жерде жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Жобада жаяу жүретін жолдар, демалыс аймақтарын құру, көгалдандыру, жарықтандыру, жаңа шағын сәулеттік нысандарды орнату және т.б. қарастырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылдың ІІ тоқсанында басталады.

Қоғамдық кеңістікті дамыту шеңберінде Кіші Алматы өзені бойымен Терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедуралары жүргізілуде. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және көпшілік ұнататын орынның аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленетін болады. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың IIІ тоқсанында аяқталады. 

Жаяу жүретін белгілі жолдарға ерекше назар аударылған. Бүгін «Көктөбе» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жолдың бойымен жүруге мәжбүр. Бұл жолдағы барлық адамдарға қолайсыз және қауіпті. Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, келесі жылдың III тоқсанында жаяу жүретін адамдарға денсаулық жолы салынады.