Шаңғышы қыздарымыз да шаң қауып қалды

Шаңғышы қыздарымыз да шаң қауып қалды
Twitter

Шапшаң қимылдамаған шаңғышы қыздарымыз жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Шаңғыдағы бас жүлденің бәрін Тереза Йоахуг алатын секілді. Атақты норвегиялық шаңғышы Бейжіңдегі екінші алтынын еншіледі.

Алдымен скиатлонда алтын алған шаңғышы бүгін 10 шақырымдық классикалық жарыста топ жарды. Күміс медаль финляндиядық Кертту Нисканенге бұйырды. Оның отандасы Криста Пармакоски қолаға қол созды. Қазақстандық қыздар әдеттегідей көш соңында қалды.

Ангелина Шурыга 52, Ксения Шалыгина 53, Надежда Степашкина 57, Валерия Тюленева елу тоғызыншы болып мәре сызығын қиды.