Медеу ауданында 26 көшеге 23,6 шақырым арық желісі салынады

Медеу ауданында 26 көшеге 23,6 шақырым арық желісі салынады
nur.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.   

Бүгінгі таңда тұрақты су басатын орындарды жою аясында 7 учаскеде жұмыстар аяқталды (Қонаев көшесі – Әйтеке би көшесі, әл-Фараби даңғылы – Ремизовка көшесіне бұрылыс, Назарбаев даңғылы (шығыс) – батысқа қарай, Сәтбаев көшесі – Достық даңғылы, әл-Фараби даңғылы – Достық даңғылы, Пушкин көшесі – Мұхамеджанов көшесі, Әйтеке би көшесі – Назарбаев даңғылы). Б-3 түріндегі жаңа арықтар салынды, құбыр өткелдері қайта жаңартылды, желілер коллекторға қосылды, жаңа құбыр өткелдері мен басқа да жұмыстар ұйымдастырылды.

Арық желілерін салу және қайта жаңарту жобасы шеңберінде қаланың шығыс бөлігінде, яғни Медеу ауданында ұзындығы 3 шақырым болатын (Сазановская, Тәттібеков, Төлебаев көшелеріндегі 2 учаске) 5 учаскеде, оның ішінде Іңкәрдария көшесінде арық желісінің құрылысы басталды (осы көшеде арық желісін ұйымдастыру жұмыстары бүгінгі күні аяқталды). Бұл мәселе қыркүйекте өткен кездесу барысында көтерілді. Жыл соңына дейін 1 км салынады.

Осы жоба шеңберінде 26 көшеде 23,6 шақырым арық желісін салу және қайта жаңарту қарастырылуда. Жобаны 2023 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аудандағы ағынды сулардың ағып кетуін едәуір жақсартуға және су басқан жерлерді жоюға мүмкіндік береді.