Қызын зорлаған әскери қызметкер өмір бойына сотталды: Үкім өзгеріссіз қалды

Қызын зорлаған әскери қызметкер өмір бойына сотталды: Үкім өзгеріссіз қалды
Сурет: ашық дереккөз

Оған химиялық кастрациялау шарасы да қолданады

ҚР Әскери соты туған қызын зорлағаны үшін кінәлі деп танылған бұрынғы әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарады. Үкім өзгеріссіз қалды. Сотталушы қалған өмірін темір тордың арғы жағында өмір бойы өтейтін болды. Әрі химиялық кастрациялау шарасы да қолданады. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Тергеу материалдарына сәйкес, әкесі әйелімен ажырасқан, бірақ қызын үнемі жалдамалы пәтерге шақырып, бірнеше рет зорлаған.

Қыз анасына болған жайтты мойындаудан қорыққан, бірақ шындық ашылған кезде, әйел дереу полицияға арыз берді.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген.

Мемлекеттік айыптаушы сот жарыссөздерінде жасалған әрекеттердің ауырлығын ескере отырып сотталушыға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыруды қолдану қажеттілігі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірген.