Қызылорда тұрғыны Полиция қызметкерлерін көлікпен сүйреген

Қызылорда тұрғыны Полиция қызметкерлерін көлікпен сүйреген
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Заңды талапқа бағынбай, көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйрей жөнелген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 8 тамыз күні Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері аймақ аралау барысында жолда жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан.

Полиция қызметкерлері заң шеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсіп, құжаттарын көрсетуін сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан “ізін суытпақ” болған. Көлік жүргізушісі дөрекілік танытып, өзін өте агрессивті ұстады.