Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты
Сурет: Olympic.kz

Анна Данилина - финалда

Қазақстандық теннисші Анна Данилина өз мансабында тұңғыш рет Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

2 сағат 18 минутқа созылған кездесуде Данилина мен Беатрис Аддад Майя жұбы жапондықтар С. Аояма/С.Эбихара жұбынан басым түсті. 

Есеп – 6:4, 5:7, 6:4. 

Финалда Анна Данилина мен Беатрис Аддад Майя чехиялық Б.Крейчекова/К.Синиакова жұбымен кездеседі. 

Финалдық матч 30 қаңтарға жоспарланған.