Қытаймен визасыз режим қашан күшіне енеді?

Қытаймен визасыз режим қашан күшіне енеді?
Сурет: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, алдымен елдің ішіндегі барлық рәсім аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

- Менің ойымша, бұл процесс 2-3 айға созылады. Алдымен Қазақстан мен Қытай өз мемлекеті ішіндегі рәсімдерді аяқтап, құжаттарды қабылдауды қажет. Осылайша екі тарап бір-бірін хабардар еткеннен кейін келісім күшіне енеді. Бұл екі тараптың мемлекеттік органдарының шапшаңдығына байланысты. Қазақстан тарапы бұл істің барынша жылдам аяқталуына күш салады, - деді Смадияров.